ЖУРНАЛ ТУРАЛЫ
ISSN 2305-5928 Журнал ҚР Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде 2010 жылдың 28 сәуірінде тіркеліп, ЛК 0860-Ж куәлігі берілді.
«Білім және инновация» республикалық педагогикалық, оқу-әдістемелік журнал Білім-ғылым, педагогика са
«Білім және инновация» республикалық педагогикалық, оқу-әдістемелік журналы
Ласын өркендетуге, мемлекеттік білім саясатын жүзеге асыруға өзіндік үлес қосып, педагогтардың озық тәжірибесін тарату, ақпараттандыру мақсатында колледжде «Білім және инновация» республикалық педагогикалық, оқу-әдістемелік журнал шығарылады. Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің Ақпарат және Мұрағат комитетінде 2010 жылдың 28 сәуірінде тіркеліп, ЛК 0860-Ж куәлігі берілді. Журнал материалы колледждің ақпараттық сараптау бөлімінде теріліп беттеледі. 2010 жылдың 21 маусымынан бастап тоқсан сайын тұрақты шығып келеді. Қазіргі уақытқа дейін журналдың 52 саны жарыққа шықты.
Журнал жылына төрт рет, яғни тоқсан сайын тұрақты түрде жарық көреді. Бұл – мазмұнның жүйелі, жаңартылып отыруын қамтамасыз ететін кәсіби формат. «Білім және инновация» журналы педагогикалық қауымдастыққа арналған.
Оқыту әдістемелері мен бағдарламалар
- оқыту әдістемелері
- педагогикалық шеберлік тәжірибелері
- авторлық бағдарламалар
- инновациялық технологиялар
Студенттердің ғылыми жұмыстары
- ғылыми мақалалар
- практикалық ізденістер
- зерттеу жобалары
Ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары
- сабақ жоспарлары
- тәрбие сағатының материалдары
- ашық сабақ үлгілері
- әдістемелік ұсыныстар
Ғылыми-ізденістік мақалалар
- педагогика
- білім берудегі инновациялар
- психология
- цифрлық білім беру
Ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары
- сабақ жоспарлары
- тәрбие сағатының материалдары
- ашық сабақ үлгілері
- әдістемелік ұсыныстар
Ғылыми-ізденістік мақалалар
- педагогика
- білім берудегі инновациялар
- психология
- цифрлық білім беру
«Білім және инновация» журналының бірегей ерекшеліктерінің бірі – әр оқу орнына арнайы шығарылуы. Қажет болған жағдайда арналып жеке шығарылым дайындалады. Бұл – оқу орнының ішкі жетістіктерін, педагогтарының еңбектерін, студент-оқушылардың шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді.
Білім беру мекемелері
- колледждерге
- балабақшаларға
- мектептерге
- университеттерге
Авторлық қамту
Журналға мақаласын жолдайтын авторлар саны жылдан-жылға артып келеді. Республикамыздың барлық өңірлерінен белсенді түрде материалдар жарияланып отырады.
Мақсатты аудитория
- мұғалімдер
- зерттеушілер
- тәрбиешілер
- жас ғалымдар
Журналдың миссиясы
- педагогикалық тәжірибе мен инновацияларды тарату
- студенттердің ғылыми мәдениетін дамыту
- заманауи педагогикадағы инновациялық идеяларды біріктіру
- шығармашыл мұғалімдердің еңбегін насихаттау
- білім беру саласында жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну
«Білім және инновация» журналы – Қазақстандағы педагогтер мен студенттердің кәсіби өсуіне ықпал ететін маңызды платформа. Ол педагогика ғылымы мен тәжірибесін ұштастырып, білім берудегі жаңашылдықты насихаттайды.
Журналдың № 52 саны халықаралық семинар мен халықаралық конференция мақалаларына арналды. Бұл санда Түркия, Германия, Қырғызстан, Ресей елдерінің оқу орындары оқытушыларының мақалалары да жарыққа шықты. SELÇUK UNIVERSITY, Сарайону кәсіптік колледжінің директоры, доцент, ғылым докторы MUHAMMED KAMIL ӦDEN Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінің «Білім және инновация» оқу-әдістемелік, педагогикалық журналын бірігіп шығарып, халықаралық ғылыми баспаға айналдыруды ұсынды.